Талас ауданында адам көп шоғырланатын нысандар залалсыздандырылуда

0 5

Талас ауданында короновирус індетінің алдын алу шаралары қарқынды жүргізілуде. Қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын мекемелерді дезинфекциялау мақсатында «Талас-дезинфекция» ЖШС- мен келісім шарт жасалып күнделікті екі реттен қаладағы және ауылдық округтердегі нысандардың іші және сырты залалсыздандырылуда, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Олардың қатарында әкімдіктер, мешіттер, шіркеулер, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Жұмыспен қамту орталығы, мектеп, балабақшалар, денсаулық, мәдениет, спорттық нысандар, банк, почта мекемелері, сауда орталықтары бар.

Аудандық ветеринария бөліміне қарасты 4 «ДУК», «Игілік» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының 1 «Камаз» автокөлігі 16 наурыздан бастап Қаратау қаласының және ауылдық елді мекендер ішіндегі адам көп шоғырланатын барлық қоғамдық орындардың (адам жиналатын объектілер аумағына, автобус аялдамаларына, жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктерге, жер асты өткеліне, халық көп жүретін көшелердегі жаяу жүргіншілер жолына, осы көшелерде халық жиналатын ірі сауда орталықтары мен мекемелер)аумағына күнделікті залалсыздандыру жұмыстар жүргізуде.

Барлығы 10 000 шаршы метр аумақ күнделікті дезинфекциялануда. 2020 жылдың 16 наурызынан бүгінгі күнге дейін 335 000 шаршы метр аумақ залалсыздандырылды. Аудандағы әлеуметтік нысандарда, ірі сауда саттық орындарында, кәсіпорындарда арнайы антисептиктер қойылып, барлық қызметкерлерге арнайы маскада жүру тәртібі түсіндіріліп, сақтық шаралары сақталған. Сол сияқты барлық мемлекеттік, әлеуметтік, қызмет көрсету нысандарын, сауда-саттық орындары мен дәріханаларды дезинфекциялау және жуу құралдарын қолдана отырып, әрбір 2-3 сағат сайын ылғалды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қаратау қаласындағы «Халық банк» аудандық басқармасы алдындағы банкоматтар және «Дәмді себет», аудандық почта байланыс торабының алдындағы банкоматтар, терминалдар күнделікті бір сағат сайын залалсыздандырылуда.

Төтенше жағдайға байланысты ауданда онлайн сатып алу бойынша барлық кәсіпкерлік субъектілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Казіргі таңда, ауданда 1 мейрамхана Кұдаша, 3 кафе Шах, Березка, Ханшайым онлайн режимінде жұмыс жасауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.