Талас ауданында азық-түлік бағасы бақылауда

0 1

Талас ауданын да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы қатаң бақылауда, —  деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінде аудандағы «Диас», «Дәмді себет»  сауда орталықтарында бірде бір тауар көтерілмеген.Талдап айтатын болсақ, негізгі азық-түлік таурларының 9 түрі шекті бағамен саудалануда. Мысалы күріш-258, бірінші сұрыпты ұн -149, қарақұмық – 260 теңге болса, нан – 83 , макарон өнімдерінің 2келісі 412 теңгеден. Ал жұмыртқаның – 10 данасы -270, күнбағыс майы – 376 теңге, тұз – 52 теңгеден сатылуда. Бұдан бөлек басқа ірі сауда нысандарында арнайы 9 тауарға бұрыш ашу туралы топ мүшелерімен бірге сауда иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

19 негізгі азық-түлік тауарларының бағасы II-тоқсандағы шекті бағалармен салыстырылады. II-тоқсандағы шекті бағамен 21 сәуірдегі баға қорытындысын талдасақ, қымбаттаған 4 тауар, ұн (3 теңгеге, 2,1%-ға), жұмыртқа (7 теңгеге, 26,1%-ға), қырыққабат (25 теңгеге, 23,8%-ға), картоп (36 теңгеге 31,6%-ға) өскен, қалған 15 тауарлар бағасы тұрақты деңгейде.

Қаратау қаласында 6 жұмыс істейді. Ауданда күнделікті орташа есеппен 6100 бөлке нан шығарылады. Қазіргі таңда, сауда дүкендерінде 1 бөлке нан 85 теңгеден сатылуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.