Талас ауданында 320 отбасына қайырымдылық көмек көрсетілген

0 2

Талас ауданында «Біз біргеміз» акциясы аясында «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалының ұйымдастыруымен 19- 38 отбасыға, 24-28 наурыз аралығында 35 әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетті, деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Таратылған азық-түлік топтамасының ішінде ұн, қант, шай, макарон өнімдері, күріш, тәттілер мен пісте май және антисептик бар. Сол сияқты 23 наурыз күні Ақкөл ауылының 1979 жылы туылған азаматтары тарапынан 22 отбасыға 1 бұқаның еті, 1 қап ұн, қант, макарон, пісте майы таратылды.

30 наурыз күні «Бақ-Индустрия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкерлер тарапынан 100 жағдайы төмен отбасына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, жалғыз басты қарияларға көмек көрсетілді. 2 сәуір күні аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен 125 отбасына қайырымдылық жасалды.

Аудан бойынша барлығы 320 отбасына көмек көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.