Талас ауданында өзге қалалардан келген азаматтар бақылауға алынған

0 0

2020 жылдың 22 сәуіріне дейін Талас ауданына шет елден 29 адам келген, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда 25 адам аймақтық дәрігерлердің 14 күндік бақылауында болып, есептен шығарылды.
Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан Қаратау қаласына келген тұрғындардың барлығынан сараптама жасалып, теріс нәтиже көрсетті.

Қазіргі таңда шетелде болып, Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласына келген 3, Алматы қаласындағы 1 таластық азаматпен тұрақты телефон арқылы байланыс жасалып, бақылауға алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.