Бүгін 27 сәуір күні Мемлекет басшысы кезекті Үндеуін жолдады.
Бүгінде барша әлемді алаңдатқан қауіпті індетке байланысты Республикамызда жарияланған төтенше жағдай барысында атқарылып жатқан жұмыстар әрбір қазақстандық үшін жүргізіліп отырғаны белгілі.
Пандемия кезінде тек қана табысынан айырылған азаматтарға ғана емес сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға да үлкен қолдау көрсетілуі көңілді қуантады. Індетпен күресуде ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерен екенін де ұмытпауымыз керек. Қазақ халқы небір қиын-қыстау замандарды басынан өткерген дана халық қой. Ендеше, біз бірлесу арқылы бұл кезеңді де артта қалдырып, індеттен құтылармыз. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Бауыржан Момышұлы.
Олай болса, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үндеуін назарға алып, темірдей тәртіп орнатайық! Бірлігі мен ынтымақты тірлігі бар ел озар -, дейді дана халқымыз.
Өмірдің өзегі де-бірлікте.Олай болса,қиындықты еңсеру үшін тек бірлік керек екенін ұғынатын күн жетті.
Біз біріксек,алынбас қамал болмас. Аз ғана сәттік қауіп пен қиындық та артта қалар. Біз бір болуды,бірге әрекет жасауды үйрендік.
#бізбіргеміз#үйдебол#тәртіпкебағынайық#
Т. Рысқұлов ауданы Д. Қонаев ауылы N5 шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бурибаева Раушан Оразбекқызы