Қайырымдылық-қайырлы іс

0 7

Қазақстан Республикасының Президентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы №285 Жарлығына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында төтенше жағдай жарияланғаны барлағымызға аян. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоғалтпайтын құндылықтардың бірі – қайырымдылық ісі. Осы игі іс бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясының басты бағыттарының бірі саналады.

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бүгінгі күнге дейін облыстық ассамблеяның мүшелері мен қоғамдық бірлестіктері, өзге этнос өкілдерінің меценаттары азаматтық белсенділік танытып, әлеуметтік осал топтағы 9 мыңға жуық отбасыға 16 млн.теңгеден астам қаражат көлемінде түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Атап айтқанда, республикалық «Біз біргеміз» қайырымдылық акциясы аясында Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциясының мәдени орталығы 10 млн. теңгеге 30 отбасыға азық-түлік себеттерін және 2 мыңға жуық медициналық бетперде таратты. Қордай ауданындағы Масаншы, Сортөбе ауылдарындағы балабақша тәрбиеленушілеріне 850 дана бетперде таратылып, 600 мың теңге қаражат көлемінде 90 отбасыға азық-түлік және антисептикалық заттарымен көмек көрсетті. Аудандағы Масаншы, Бұлар батыр, Ауқатты ауылдарының аз қамтылған отбасыларына 220 мың теңгеге қаржылай жәрдем берілді. Аталған бірлестіктің өкілі Руслан Исмазовтың бастамасымен Алматы қаласында тұратын аз қамтылған дүнген отбасыларына елде жарияланған төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 4 500 000 теңгеге 3 тонна азық-түлік түріндегі гуманитарлық көмек жіберілді. «Біз біргеміз» акциясы аясында Жамбыл ауданындағы Гродиково, Жалпақтөбе ауылдарының дүнген этнос өкілдері ауыл маңындағы бақылау бекетінде тұрған медицина, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырды. Акция карантин мерзімі аяқталғанға дейін жалғасады. Сондай-ақ, «Біз біргеміз!» акциясы бойынша Жамбыл ауданының Жалпақтөбе мешіті қызметкерлері мен дүнген этнобірлестігінің қолдауымен Түрксиб ауылында тұратын короновирусқа байланысты карантинге жабылған көпқабатты үйдің 22 тұрғынына 250 мың теңге көлемінде азық-түлік себеттерін берді. Аталған бірлестіктің өкілдері барлығы — 7 770 250 теңге көлеміндегі қаражатты игі іске жұмсады.
Мұндай сауабы мол шарадан көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі жандар да шет қалған жоқ. Облыстық «Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі 5-мөлтекауданында орналасқан 25-жатақахананың мүгедек санатындағы тұрғындары мен аз қамтылған көпбалалы 80 отбасына көмек қолын созып, 1млн.теңге көлеміндегі қаржыға азық-түлік себеттерін үлестірді.
«Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік осал топтағы отбасыларға 30 дана бетперде, 15 дана антисептикалық заттар және азық-түліктермен қамтамасыз етті, сонымен қатар 30 аз қамтылған отбасына барлығы 350 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалды.
«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалы 100 000 теңгеге 15 отбасыға антисептикалық заттармен және 10 отбасына 100 000 теңгеге азық-түлік түрінде көмек көрсеті. Этномәдени бірлестік мүшелері, меценаттар Абосов Жалил, Акинов Руслан және Ридванов Микаил 80 отбасына 600 000 теңге, Ағалиев Наби 100 отбасына 800 000 теңге қаржыны сауапты іске жұмсады.
Жамбыл облысының «Шиват Цион» еврей , «Вайнах» Жамбыл шешен-ингуш, «Самшобло» грузин этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестіктері бетперделер мен дезинфекциялау құралдарын, жеке гигиена заттары мен азық түлік себеттерін таратты.
Өңірдегі грек, тәжік, әзербайжан, күрді этномәдени қоғамдық бірлестіктері жағдайы төмен отбасылар мен бірқатар қала тұрғындарына қаржылай және күнделікті тұтынатын азық-түлікпен көмектесті
Қордай аудандық «Отечество» ұлттық орталығы» славян қоғамдық бірлестігі – жергілікті тұрғындарға 1000 маска үлестірсе, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік-қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» қоғамдық бірлестігі де сауапты істен шет қалмады. «Вайнах» Жамбыл шешен-инғұш мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі 14 аз қамтылған отбасына 50мың теңгенің шамасында маскалай және азық-түліктей қайырымдылық жасады.

Қазақстан Республикасы «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» қоғамдық бірлестігі өкілдері жергілікті блок посттарда тұрған 50адам- медицина және полиция қызметкерлерін түскі аспен қамтамасыз етті.
Жамбыл облысы Меркі ауданы «Әзірбайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының мүшелері Жамбыл ауданының Қаратөбе, Қызылқайнар, Айшабибі, Жамбыл ауылдарының тұрғындарына 75 отбасына 750 000 теңгеге азық-түлік себетін таратты.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңесі көпбалалы 10 отбасын 100 000 теңгеге сатып алынған азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, 24 әлеуметтік жағдайлары төмен, көп балалалы аналарға 200 000 теңге көлемінде азық-түлік пакеттері таратылды. «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Перфильева Наталья Николаевна демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасыларға жүйелі көмек көрсетуде. Біршама отбасы азық-түлік пен жуғыш құралдар жиынтығын алды. Үш аз қамтылған қарттарға тоңазытқыштар жеткізілді. Көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Медицина қызметкерлеріне маскалар, қолғаптар, антисептиктер табыс етілді.
Байзақ аудандық «Радонеж» орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Аналар кеңесінің мүшесі Любовь Андреевна Горр көп балалы отбасылар үшін тағам дайындап, құймақ пісірді. Жамбыл облысы бойынша орыс қауымдастығының Аналар кеңесінің мүшесі Беляева Антонина Алексеевна көп балалы және жалғыз басты аналарға жеке гигиена заттары, азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тұрмыстық техника тапсырды.
«Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Аналар кеңесінің төрайымы Давлатова Гульхумор халықтың әлеуметтік осал топтағы 31 отбасына қолдау көрсетті.
Облыстық Өзбек этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Ерназаров Шухрат Сабитович, «Нематбай» мешіті ауданында аз қамтылған 10 отбасына 300 мың теңге берді.

Сондай-ақ, облыстық ҚХА «Жаңғыру жолы жастар қозғалысының» белсенді жастары Тараз қаласының және Гродеково ауылының 30 аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына азық-түлік жеткізді. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы Жастар ресурстық орталығы 33 отбасына 307 000 теңгеге азық-түлік себетін тарату түрінде көмек көрсетті.
Нәтижесінде, жалпы өңірлік ассамблея этнобірлестіктері бойынша азық-түліктей және заттай барлығы – 9000 аз қамтылған отбасыларына 16 млн.теңгенің көлемінде көмек көрсетілді .

Leave A Reply

Your email address will not be published.