Мен жас анамын балам 1.5 жаста. Бала күтімінде отыруыма байланысты үйде кіріс көзі тек жолдасымның айлық табысы.Оның өзі жартысы несиеге кетеді. Әрине бір айлықпен мына заманда өмір сүру өте қиын. Мына 42 500 тг туралы естіп аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарына барып маған беріледі ме деп сұрадым.
Олар балам 1 жасқа толуына байланысты мен алатындар тізіміне кіретінімді айтты. Тиісті құжаттарды тапсырып, 1 аптадан кейін аталған көмек ақша менің шотыма түсті. Төтенше жағдай жарияланғалы көптеген қазақстандықтар қаржыдан қысыла бастағанын мен де көріп отырмын. Мемлекет басшысына осы көмек ақша бергені үшін алғысымды білдіремін! Халықты сабырға шақырғым келеді! Бізбіргеміз деген ұранды сөзге сенемін! Бізбіргеміз!
Мойынқұм ауылының тұрғыны, жас ана А.Ибрахим.