Бұл айтулы мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуға толық негіз бар. Ұлан байтақ қазақ жерінде әртүрлі ұлт өкілдерінің бірлікте өмір сүруі Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев пен қазіргі Президентіміз Қ.Тоқаевтың салиқалы саясатының жемісі деп білемін және Отанымыздағы барлық халықтардың бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруі бізді қуантады.
Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сенімдімін. Діні басқа, тілі басқа тілегі бір ұлт пен ұлыс өкілдерінің ынтымағы, ырысы, байлығы артқан біздің елде өмір сүріп жатқаны жүректерге сенім, көңілдерге қуаныш ұялатады.
Ұлтым басқа болса да, қазақ жерінде туылып, осы жерде өскен соң қазақ халқының тілі мен дініне берік болып өстім. Бұл менің Отан алдындағы парызым деп есептеймін. Мерейлі мереке – бірлік пен берекенің бастауы. Сондықтан осы мерекеде Тәңірден мен сияқты талай ұлт өкілдерінің басы бірігіп, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан Отанымызда осы бірлігінен айырмасын деп тілеймін.
А. АСАНОВ, Әзербайжан ұлтының өкілі.
Мойынқұм ауданы,Бірлік ауылы.