Атақты олимпиада чемпионы Абсенттің бапкері де — ҰОС ардагері

0 7

Абсент 1960 жылы өткен 27 Рим олимпиядалық ойындарында КСРО құрама командасы атынан жарысқа қатысып, Бас жүлдені жеңіп алып, ауданда Олимпиада чемпиондарының көшін бастаған есті жануар. Атақты олимпиада чемпионы Абсенттің бапкері де — ҰОС ардагері , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Абсент — таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік. 1952 жылы
Жамбыл облысы, Луговой асыл тұқымды жылқы зауытында Бакира есімді биеден туған. Абсенттің арғы тұқымы -Араб есімді айғыр 1936 жылы 83 күнге созылған «Ашғабад—Мәскеу» (4300 км) салт жүру жарысына қатысқан.

Абсент — таза қанды ақалтеке тұқымдас сәйгүлік. 1952 жылы Жамбыл облысының Луговой асыл тұқымды зауытында Бакира есімді биеден туған. Абсенттің арғы тұқымы араб есімді айғыр 1936 жылы 83 күнге созылған «Ашғабад—Мәскеу» (4300 км) салт жүру жарысына қатысқан.

Абсент 1960 жылы өткен 27 Рим олимпиялық ойындарында КСРО құрама командасы атынан жарысқа қатысып (шабандоз С. Филатов), бас жүлдені жеңіп алды. 1964 жылы Токио олимпиясында командалық есеп бойынша күміс медальға ие болды.

1969 жылы Абсент өзінің күтіп-бағылған жері — Луговой жылқы зауытына қайтарылып берілді. Абсенттің бас бапкері — Кәрім Шалабасұлы Әсенов (1905–1978) 19 жасынан әскери қызметте болып, Орынбор қаласындағы Қырғыз (қазақ) Орталық атқару комитеті атындағы біріккен әскери мектебін (1926) және Ташкент атты әскер мектебін (1928), Фрунзе атындағы әскери академияны (1943) бітірген.

1964 жылы Токио олимпиядасында  командалық есеп бойынша күміс медальға ие болды.

1969 жылы Абсент өзінің күтіп-бағылған жері — Луговой жылқы зауытына қайтарылып берілді. Абсенттің бас бапкері — Кәрім Шалабасұлы Әсенов (1905–1978) 19 жасынан әскери қызметте болып, Орынбор қаласындағы Қырғыз (қазақ) Орталық атқару комитеті атындағы біріккен әскери мектебін (1926) және Ташкент атты әскер мектебін (1928), Фрунзе атындағы әскери академияны (1943) бітірген.

Ол қазақ ұлттық атты әскер полкында взвод командирі, полк командирінің орынбасары қызметін атқарды. 21-Таулы Кавказ дивизиясының, 17-Таулы Кавказ полкының құрамында Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысқан. 1946 жылы әскер қатарынан босап, ат баптаумен айналысады. Әскери көпсайыстан КСРО чемпионы (1928) атанды. Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1960). Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

ҰОС#Ұлы жеңіске 75 жыл#
Рухани жаңғыру#
Көгершін ауылы

Leave A Reply

Your email address will not be published.