«QazaqGaz» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Әлібек Жамауов Жамбыл облысында тағы бір әлеуетті газ кенішін барлау жұмыстарына дайындақ басталғанын мәлім етті.
— Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде Жамбыл облысының Малдыбай учаскесінде газ шөгіндісі бар екенін дәлелденді. Қазір сейсмикалық барлау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр, — деді Әлібек Жамауов «Самұрық-Қазына» қоры қоғамдық кеңесінің отырысында.
Сондай-ақ, ол аталған облыстағы Анабай учаскесіне де тоқталды.
— Жамбыл облысының Анабай кен орнында жұмыс жалғасып жатыр. Газ сапасын бағалауға арналған 1 ұңғыма, пайдалануға арналған 3 ұңғыма бұрғыланды. Дәлелденген газ қоры – 3,2 млрд текше метр, — деді ұлттық компания басшысы.
Бұған дейін Қостанай облысының газ құю стансаларында ұзын-сонар кезек пайда болғанын жазған едік.