Қордайда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

0 0

Бүкіл елді дүрліктірген Қордайдағы қақтығыстан соң қазір жағдай қалыпқа келіп, әлеуметтік нысандар мен сауда орындары жұмысқа кірісіп кетті. Жалпы аймақтағы қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылдың 30 сәуірінен басталып, тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған, — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Оқиға салдарынан аздаған зардап шеккен 103 нысан толығымен қалпына келтірілді. Оның 71-і демеушілер есебінен болса, 32 нысан иелері өз қаражаты есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізді. Құрылыс жұмыстарына бөлінген 213 млн. теңгенің 50,0 млн теңгесі игерілді. Сондай-ақ, материалдық резервтен 222,5 м3 ағаш және 5721,4 м2 профнастил тұрғындарға таратылды.

Ең бастысы жергілікті тұрғындар үшін ең маңызды мәселе-тұрғын үйлерді қалпына келтіру жұмыстары өз шешімін тауып келеді. Бүгінгі күнге 6 тұрғын үйдің құрылыстары толғымен аяқталып, қоныстанып үлгерді.

Әр нысанның құрылыс жұмыстары Қордай ауданының әкімі Р.Дәулеттің күнделікті бақылауында, атқарылған жұмыстарды жіті қадағалап отырады. Осы мақсатта бейсенбі күні Масанчи ауылындағы тұрғын үй құрылыстарының жұмыс барысымен танысып, үй иелерімен кездесті. Сонымен қатар, ауылдағы қолға алынған өзге де нысандар мен ауылішілік жолдардың жөндеу жұмыстарын бақылап, мердігерлерге сапаға аса мән беру қажеттігін ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.