Тұрар Рысқұлов ауданында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты үш тілді үйрету сағаты өткізілді

0 17

Тұрар Рысқұлов ауданында Жамбыл облысы әкімдігінің тапсырмасына сай желілік кесте жоспарымен «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты үш тілді үйрету сағаты өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Аудан әкімдігінің ішкі саясат, білім және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шараға аудан тұрғындары мен жастар, жасөспірімдер, тіл үйренуге бейім азаматтар қатысты. Іс-шараның мақсаты-аудан тұрғындары мен жастар, жасөспірімдер арасында өзге этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді және барлық ұлт өкілдеріне орыс және ағылшын тілдерінде ауызша қарым-қатынас жасауды үйрету.

Білім ордаларының ұстаздары тіл үйренуші азаматтарға, жастар мен жасөспірімдерге, оқушыларға қазақ, орыс, ағылшын тілінде қарым-қатынас тілін үйрету бойынша шеберлік сағатын өткізді. Жазғы демалыс уақытында уақытты тиімді пайдалану, жастар арасында тіл үйренуге қызығушылықты арттыру мақсатын көздеген шара алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Шараға қатысушылар да осы ұсынысты қолдады. Түрлі ұлт өкілдерінің бірлесе тіл үйренуге құлшынысы ынтымақ пен бірлікті, өзара татулықты, ұлттар арасындағы достықты арттырады. Сондай ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен шара өз деңгейінде жоғары өтті. Себебі аты айтып тұрғандай жастарды шыншылдыққа, рухани құндылықтарды жіті түсінуге шақырады. Тілді үйрену үшін нестеу керектігі, қызығушылықты қалай ояту керектігі айтылды.

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қызметкерлері өз тараптарынан үш тілде білім алуға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, кітаптар мен электронды оқулықтарды таныстыратын арнайы көрме және көрме-инсталяцияны жабдықтап, көпшілікке оны таныстырды. Тіл үйрену үшін қажетті ресурстармен хабардар жасап, арнайы сайттар мен электронды оқулықтар таныстырылымын жасады. Белсенді жасөспірімдер Аврам Нағашбаев, Алена Хорешкова, Жансая Мұратбековалар үш тілде өлең оқып,тіл үйренуге қызығушылықтары туралы өз пікірлерімен бөлісті. Әсіресе аталмыш шараға Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептің оқушылары белсене атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.