Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында «Мектепке тағзым» акциясы аясында облыс мектептерінің түлектері өңірдегі 152 мектепке материалдық көмек көрсетті , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Атап айтсақ, мектеп өміріне қажетті деп танылған компьютерлер, планшеттер, магниттік тақталар, велосипедтер, шахмат кабинеттінің жиһаздары, домбыралар және спорттық құрал-жабдықтар табыс етілді.
Бұдан бөлек мектептердің ауласында газондар, шыршалар, жеміс ағаштары отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Түлектер аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды да елеусіз қалдырмады. Оларға телефондар мен оқу құрал-жабыдықтары беріліп, сапалы білім алуларына жағдай жасады.