Тереңнен дарыған тектілік

0 3

2-дерек

Тереңнен дарыған тектілік 13 жасында ел билігіне араласып, даралығымен аты шыққан Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Арғы атасы Ырғызбай, Өскенбай сөзге дес бермеген шешен, әділ би болса, әкесі Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Анасы Ұлжан шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен танымал қаракесек руының қызы.

Тектіліктің тамыры тереңнен басталып, шешендік пен алғырлық ата-баба қанынан берілген Абай алғырлығын, ерекше қабілетін, ақылдылығын кішкентай кезінен байқатқан. Әкесі Құнанбай оған ерекше үміт артып, білім алуына көңіл бөлген. Бала Абайдың болашақ «дана, дара Абай» болып қалыптасуына әкесінің көп ықпалы тиеді.

Абай мен, әкесі Құнанбай туралы ең алғашқы мәліметтер поляктың өлкентаушысы, ревалюционер Адольф Янушкевичтің күнделігі мен жазбаларынан табылғанын біреу білсе, біреу білмес. Бұл дерек тек 1964 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрген.

16 жыл қазақ жерінде айдауда жүрген Ол, 1846 жылдың 28 мамырында экспедицияның құрамымен Құнанбай болысына жақын орналасқан Аягөз бекінісіне келіп тұрақтайды. Осы жерде Адольф пен Құнанбай бірінші рет кездеседі.

Мұны өлкетанушы былай деп жазады: «Бұл Ташкент – бұқар-қырғыз істері маған өз тайпаластары арасында үлкен ықпалға ие, даладағы барлық тайпаларға жарық берген қос жұлдыздай екі тұлғаны тануға мүмкіндік берді. Саған Барақ сұлтан мен Құнанбай би туралы бірнеше сөз айтайын. Құнанбай бидің жасы Барақ сұлтаннан аздап үлкенірек, ол да даланың үлкен атақтыларының бірі. Қарапайым қырғыздың (қазақтың) ұлы, табиғатынан жоғарғы, ақыл-ойға, таңқаларлық есте сақтау мен шешендік қабілеті, іскер, өз тайпаластарының қамын ойлаушы, дала заңы мен құран аяттарының және қазақтарға қатысты орыс жарғыларының білгірі, сатылмайтын әділқазы әрі үлгілі мұсылман қарапайым Құнанбай өзін пайғамбар даңқына бөлегендей еді, себебі ең бір шалғай ауылдардан одан кеңес сұрай жас та, кәрі-де, жарлы мен бай да келіп жататын. (Дереккөз:https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8697/)

Анасы мен достарына, замандастарына хат жолдаған Адольф Янушкевичтің жазбаларының бірінде Құнанбайдың кішкентай сәбиді қойдың шарбы майымен емдеп жатқаны суреттеледі. (Абай.«Неизвестные истории» ). Кейіннен сәбидің Құнанбайдың үшінші баласы, яғни Абай екендігі анықталады. Бұл — бала Абай туралы бізге жеткен жалғыз дерек.

Гүлбаршын Құланбаева

«Zhambylnews» ақпарат агенттігінің бас редакторы

Leave A Reply

Your email address will not be published.