Жамбыл облысында бүтін бір ауыл мал бордақылаумен айналысады

0 4

Ауылды жерде тұратын тұрғындар үшін ет немесе сүтті өткізу, оның пайдасын көру негізгі мақсат. Ал, бұл жұмысты қандай жолмен атқаруға болатындығы күрделі мәселе. Осы орайда Қордай ауданындағы Қаракемер ауылын Жамбыл облысындағы барлық округтерге үлгі ретінде көрсетуге болады. Себебі, олар өнімді өткерудің тиімді жолын тапқан, – деп хабарлайды   “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қаракемер ауылы тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Әсіресе, бұқа байлап, ет бағытында жұмыс істейтін жандар көп. Олар бұл шаруаны тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ақ бастап кеткен дейді ауыл қариялары. Мәселен: «Нұрсұлтан» шаруа қожалығы қазір асыл тұқымды ірі қара байлайды. Осының арқасында бірнеше ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

-Жыл сайын 200-250 бас мүйізді ірі қара байлаймын. Бұқашықтарды ауылдан сатып аламын көбіне. Өзімде 80 бас сиыр бар. Бұзауларын өсіріп тек бір жылдан соң етке дайындаймын. Ет сапалы болу үшін малдың алдымен азығына баса мән беру керек. Біз ірі қараға құрама жем береміз. Мерзімін сақтаймыз,-дейді шаруашылық жетекшісі Ғазиз Махатов.

Алайда, осындай шаруа қожалықтары ет өткізу үшін қазір аудан орталығына немесе базарға бармайды. Өз ауылдарынан мал сою алаңы ашылған. Ірі қараны әкеліп, сойдырғаннан кейін, осы жерден тікелей Алматы қаласына жібереді. Бұл тұрғындар үшін өте тиімді. Мал сою алаңында 20 шақты ауыл баласы әр бұқаны 3000 теңгеден сойып, күнделікті ақша тауып жүр. Қазір мұнда шамамен тәулігіне 30 бұқа сойылады.

-Алаңға барлық қажетті құрал жабдықтар орнатылған. Малды союға әкелмес бұрын арнайы тексеруден өткізеді. Салмағын өлмейтін таразылар да бар. Етке сұраныс жоғары. Ауылда бұл кәсіп өте жақсы жолға қойылған,-дейді
мал сою алаңының жетекшісі Ермек Махамбетжанов

Ауыл халқының 90- пайызға жуығы мал ұстайтын болғандықтан Қаракемерлік ағайынның жағдайы жақсы. Оны ауылға кіре берістен-ақ бірден байқауға болады. Салынып жатқан жаңа нысандар, екі қабатты зәулім үйлер ерекше көзге түседі. Мұның барлығы да жергілікті тұрғындардың еңбекқорлығының арқасы.Ауылдағы ағайын үшін енді тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру жобасы да тиімді болмақ. Қаркемерде де өзге ауылдар секілді барлық аула есептеліп, алдағы уақытта жеңілдетілген несие алуға құлшынып отырған тұрғындар көп.

Leave A Reply

Your email address will not be published.