Тұрғындар тілегі тыңдалды

0 3

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Нұрсұлтан Исабеков тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген тұрғындар көп қабатты тұрғын үйді жаңғырту, жолдарды жөндеу, жер мәселелері бойынша сауалдар қойды.

Сонымен қатар балалар ойын алаңшасын абаттандыру, газ, ауыз су, электр энергиясын жүргізу, жапсарлас құрылыс секілді маңызды мәселелер көтерілді.

Тұрғындардың әрбір сауалын мұқият тыңдаған Нұрсұлтан Арқабайұлы зерделеу жұмыстарынан кейін заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.