Шығанақ ауылында шағын футбол алаңы қолданысқа берілді

0 11

Бүгін Елорда күні мерекесіне орай Мойынқұм ауданы Шығанақ ауылында жастар мен жасөспірімдерге арналған шағын футбол алаңы ашылды, — хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп отырған шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Амангелді Нәметқұлов қатысып, ашылу лентасын қиып, құтықтау ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, ауыл ақсақалы Төрехан Исақов сөз алып, жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Кіші футбол және street workout алаңшасының сметалық құны 12 млн 710 мың теңге. Ағымдағы жылдың мамыр айының 12 күні тапсырыс беруші Шығанақ ауылдық округінің әкімімен жеке кәсіпкер «Нұрлыхан» арасында 11 млн 340 мың теңгеге келісім шарт жасалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.