Бүгін Қордай ауданы әкімінің орынбасары Б.Жамангозов пен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Алимхожаев және арнайы құрылған мобильді топпен аудан орталығындағы бірқатар дәріханаларды аралады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қазіргі пандемия кезінде аса қажетті дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға болмайтындығы жөнінде мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берген болатын. Бүгінгідей індет белең алған кезеңде халық дәріханалардағы дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алуының салдарынан ең қажетті дәрілік препараттардың тапшылығы сезілуде.
Рейд жұмыстары барысында топ мүшелер аудан орталығындағы ең ірі саналатын «Назар» және «Бекжан» дәріханаларында тұрғындармен тілдесіп, дәрілердің бағасына қатысты пікірлерін білді. Кейбір дәрі-дәрмектердің бағасы 10-15 процентке қымбаттағанын және дене қызуын төмендетуге арналған препараттардың жоқтығын жеткізген тұрғындарға аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов дәріхана иелерімен тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін атап өтті.
Сонымен қатар, «парацетамол, аспирин» сынды сұранысқа ие дәрілердің алдағы күндері аудан дәріханаларында болатындығында жеткізді.