Марат Қарабаев Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қарабаев Марат Кәрімжанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Марат Қарабаев 1987 жылы 4 шілдеде Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында туған. Ташкент автомобиль жолы институтын, Уорвик университетін (Ұлыбритания), М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Су шаруашылығы имараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысы ретінде бастады.
2011 жылдан 2013 жыл аралығында — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Сервистік индустрияны технологиялық дамыту басқармасының бас сарапшысы.
2014-2015 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.
2015-2017 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы.
2018-2019 жылдары — ҚР Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.
Сондай-ақ, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен Қанат Құрмашұлы Баитов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.
Қанат Баитов 1968 жылы Павлодар облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірген.
Әр жылдары тау-кен және қаржы салаларында жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары — металлургия және химия өнеркәсібі басқармасының басшысы, 2010-2011 жылдары тау-кен өндірісі өнеркәсібі басқармасын басқарды, 2011-2014 жылдары — ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитетінің тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасының басшысы болды.
2014–2019 жылдары — ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
2019 жылғы ақпан айынан бастап ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылы мамыр айында ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.