Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

0 35

Бүгін Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жиенқұлов Ербол Жұмабекұлы облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы болып тағайындалды, — жеп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Берік Нығмашев арнайы барып таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Ербол Жұмабекұлы 1986 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданында дүниеге келген.

Қазақ Ұлттық Аграрлық университетін «ветеринарлық — санитарлық дәрігер» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизотияға қарсы күрес отряды» Республикалық қазыналық кәсіпорны Жамбыл және Алматы филиалының аға маманы болып бастаған.

Әр жылдары жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизотияға қарсы күрес отряды» Республикалық қазыналық кәсіпорны Жамбыл филиалының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарған.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Республикалық эпизотияға қарсы күрес отряды» Республикалық қазыналық кәсіпорны Жамбыл филиалының басшысы болып жұмыс істеп келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.