Биыл Қордай ауданындағы елді мекендердің 53,7 пайызы көгілдір отынмен қамтылады

0 1

2020 жылы Қордай ауданындағы бірнеше елді-мекенге көгілдір отын жеткізіледі. Қазір бұл бағытта жұмыстар атқарылуда,-деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының Қордай ауданы тұрғындарының әлеуметтік жағдайларын жақсартуға берілген тапсырмасын орындау мақсатында Қарасу, Өтеген, Масанчи, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 елді мекендеріне жалпы сметалық құны 5,8 млрд. теңгені құрайтын 73,2 шақырым болатын табиғи газды жеткізетін құбырдың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты аяқтау мерзімі 2020 жылдың 15 қыркүйегі деп белгіленіп отыр.

— Бұл жұмыстар іске асса ауданды газбен қамту үлесі 53,7% құрайтын болады. Сонымен қатар, ауыл ішіндегі газ желісін тартып, халықты газға қосу жұмыстарын 4 мердігер бастап, қазірдің өзінде 233 тұрғынмен келісім-шарт жасалды», — дейді Рүстем Рысбайұлы.

Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде аудан бюджетіне түсетін салықтың көлемі артады.

Сондай-ақ аудан басшысы 60,3 мың тұрғыны бар 10 ауылды газдандыру кезінде АӨК дамытудың жаңа мүмкіндіктері есебінен әл-ауқат пен табыс деңгейінің өсуі орын алатынын айтты. Мәселен, инвестициялық ахуалды жақсарту нәтижесінде жаңа өндірістер, оның ішінде жылыжай, асфальт және цемент зауыттары, былғары және жүн өңдеу орындары ашылады деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.