Жамбыл ауданында «Балаларды мектепке даярлаймыз» акциясы жалғасуда

0 0

Жамбыл ауданында «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізіліп келе жатқан республикалық «Балаларды мектепке даярлаймыз» акциясы өз жалғасын табуда, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бірінші тамыздан басталған қайырымдылық шаралары кейбір азаматтардың әлеуметтік жағдайы төмендеп тұрған уақытта, халықтың арасындағы үлкен көмек болып отыр. Осы жағдайды ескерген «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттарының қолдауымен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан мектеп оқушыларына қамқорлық жасауды қолға алды.

Акцияны алғашқылардың бірі болып бастаған Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Ғалымжан Сағынтаев Аса ауылында тұратын көмекке мұқтаж көпбалалы отбасыларының 12 оқушы баласын мектепке қажетті планшетпен қамтамасыз етті. Қайырымдылық акциясына қатысқан көпбалалы аналар Ғалымжан Таймасұлына жыл сайынғы көмегі мен қамқорлығы үшін алғыстарын айтты.

Шара барысында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов сөз сөйлеп, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

— Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы аясында біз әлеу­меттік аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беріп келеміз. Биылғы акция Жамбыл ауданынан басталды. Бүлдіршіндердің оқу жабдықтарымен толық қамтыл­мауы біздің азаматтығымызға үлкен сын. Партия атынан ұйымдастырылып жатқан акцияға мәслихат депутаттары мен партиялас әріптестеріміздің қосқан үлесі зор. Жас өскіндердің мұқтаждығын әрдайым ескереміз,– деді Ғалымжан Таймасұлы.

Акцияға қатысқан жамбылдықтар өтініштерін қараусыз қалдырмай көмек көрсеткен нұротандықтар мен барша қайырымды жанға алғыстарын білдірді.

Атап өтейік, бүгінге дейін аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері мен филиал тарапынан 49 отбасыға материалдық көмек көрсетілген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.