Сәкен Арубаев іс басында

0 7

Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорт кешенін көруге арнайы барды, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған нысанға 594 млн 663 мың теңге бөлінген.

Серіктестік басшысының орынбасары Жанат Қырқымбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда дене шынықтыру және сауықтыру құрылғылары орнатылып, әрлеу-сырлау жұмыстары жасалған. Нысан халық қажетіне қыркүйек айында берілетінін жеткізді.

Кешенді аралаған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы бірқатар кемшілік бойынша ескерту жасады.

– Облыста теңдесі жоқ спорт кешенінде 350 адам спорттың он түрімен айналысуға толық мүмкіндігі бар. Дегенмен ғимараттың ішкі құрылысының дизайнына өң беру қажет. Бұл кешенді түрғындардан бұрын, жасөспірімдер тағатсыздана күтіп жүргенін ескергеніміз жөн. Жаттығу алаңдарына жастарға рух беретін даңқты спортшылардың сұлбасын іліп, жас қанаттарды жігерлендіретін қанатты сөздерді жазу керек. Үлкен футбол алаңыда көңіл көншітпейді. Тез арада аталған олқылықтардың орнын толтыруды жауапты мамандарға тапсырамын, – деді Сәкен Арубаев.

Аудан әкімімен бірге орынбасары Нұрлан Несіпбеков, аудан әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Тілеубаев, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітов болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.