Жамбыл облысында ауыл тұрғыны өзі жұмыс істейтін кәсіпорыннан 50 қорап медициналық халат ұрлап шыққан. Күдікті полиция қызметкерлерінің қырағылығының арқасында ізі суымай қолға түсті, деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айының 27-28 қараған түні Жамбыл аудандық полиция бөліміне Айшабибі ауылында орналасқан «Супер-Фарм» ЖШС- нің басшылығынан зауыт аумағындағы қораптау қоймасынан 50 қорап медициналық халаттар ұрланғандығы жөнінде хабарлама түскен. Келтірілген шығын 1 млн 797 мың теңге. Оқиға орнында қоймаға тиесілі бір ғана бейнекамера бақылауы болған. Қылмыскер камераның бетін бұрып, өз айласын іске асырған. Дегенмен сақшылар қылмысты бір күнге жеткізбей ашты.
Күдікті 1999 туылған Айшабибі ауылының тұрғыны болып шықты. Ең сорақысы ол осы зауттың жұмысшысы екені анықталды.
Қазіргі таңда аталған факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай тізіліміне еніп, тергеу амалдары жүргізілуде. Ал, ұрланған медециналық заттар толығымен серіктестік иелігіне қайтарылды.