Қалалық ақпараттық топ Жолдауды түсіндірді

0 20

Бүгін дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім иновация» лицей интернатында ұстаздарға қалалық ақпараттық топ Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндірді, деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Мемлекеттік мекемеде оқыту мен тәрбиелеу қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде жүргізіледі. География, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, өзін-өзі тану, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, құқық негіздері, көркем еңбек, дене шынықтыру, алғашқы әскери дайындық пәндері қазақ тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ, математика, физика, химия, биология, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілсе, орыс тілі мен әдебиеті пәні орыс тілінде жүргізіледі. Сондай-ақ, «Турік тілі грамматикасы» курсы түрік тілінде жүргізіледі.

— Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ем алу төлеміне пайдалану үшін салымшы денсаулық сақтау басқармаларының (облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы) жанынан арнайы құрылған комиссияларға жүгінеді деп болжануда. Медициналық көмек көрсету қажеттілігі туралы комиссияның қорытындысын алғаннан кейін, емделуден өту үшін клиниканы таңдаған салымшы емделуге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалану жөніндегі уәкілетті операторға өтініммен жүгінеді. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен медициналық көмек алуға азаматтарды жіберу ережесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын болады, — деді БЖЗҚ зейнетақы қорының жетекші маманы Қыдырәлі Таласбаев басқосуда.

Спикердің сөзінше салымшы зейнетақы жинақтарын басқаруға беру үшін жеке қаржы компаниясын таңдауды БЖЗҚ-ға өтініш беру арқылы жүзеге асырады. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға беру ережесін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі айқындайтын болады.

— Оларды іске асыру үшін ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қажетті нормативтік құқықтық актілер қабылданып, дайындық жұмыстары жүргізіледі. Азаматтар мақсатты пайдалану үшін БЖЗҚ жинақтарының бір бөлігін алу құқығын 2021 жылы пайдалана алады, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.