Тараз қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 340 жоба жүзеге асырылуда

0 9

Жамбыл облысының орталығы саналатын Тараз қаласының әлеуметік-экономикалық дамуында оң көрсеткіш сақталуда. Биыл көне шаһарда «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 367 жобаны қаржыландыруға қаражат бөлінген,- деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Оның ішінде, Тараз қаласының бюджетіне 340 жобаны іске асыруға 13,3 млрд. теңге қарастырылса, қазіргі уақытта 7,3 млрд. теңгесі игерілді.

Бүгінгі таңда аталған 340 жобаның 301-і аяқталған. Аталған жобалардың негізінде қаладағы нысандарға күрделі және ағымдағы жөндеу, инфрақұрылым жасақтау, абаттандыру жұмыстары жүргізілген.

— Қаламыз жыл санап көркейіп келеді, алайда шағын аудандарға көп көңіл бөлінбейтін. Жолдарымыз ескі, тұрғын үйлердің қас беттерінің тозығы жеткен болатын. Мен «Алатау» мөлтекауданында тұрамын, биыл өте үлкен жұмыстар жүргізілді. Аулаларымыз абаттандырылып, жолға жаңа жабынды салынды. Ойын алаңшалары жаңартылды. Мемлекеттің қолдауына, шаһар басшылығына алғысымыз шексіз,-дейді қала тұрғыны Малика Нұрбаева.

Ал қалған 39 жоба бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Нәтижесінде қаладағы 4 әлеуметтік-мәдени нысан қайта жаңғыртылып, шағын аудандардағы 16 жол орташа жөндеуден өткізілмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.