Степной ауылы партияны қолдайды

0 6

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшесі Баян Қарамолдаева бастаған үгіт-насихат тобы Степной ауылында болып, ауыл шаруашылығы саласын дөңгелетіп отырған ауыл тұрғындарымен кездесті, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Баян Нәзікеқызы алдымен кездесуге келгендерге партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Кездесуде сондай-ақ 7 басымдықты қамтыған ауданды кешенді дамытуға бағытталған партияның 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы да жан-жақты насихатталды.

Бағдарламада Степной ауылдық округі тұрғындарының алдағы уақытта бірқатар ауқымды мәселелері шешімін таппақ. Нақтырақ айтар болсақ, азаматтардың өмір сүру жайлылығын арттыру үшін 2025 жылға дейін аудандық маңызы бар 104,6 шқ жолды жөндеу жоспарланса, 2024 жылы жөнделетін 30,1 шқ ішінде Арал ауылына, Қалғұты ауылына кіреберіс жолдары бар.

Сондай-ақ, 2022 жылы Степной ауылына сапалы ауыз сумен кірмек.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді осылай жалғастырмақ.

«Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлау қоырының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.