Мәдениет пен өнер саласы «Nur Otan»-ның назарында

0 2

Елдің бет – бейнесі, оның мәдениеті мен экономикасына байланысты қалыптасады. Сондықтан да өнерін сүйген, өнерпазын үкілеген елдің мәртебесі қашан да биік болады. Мәдениеті мен өнері өркендеген қоғам әр уақытта ілгерілеп, дамитындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Байзақ ауданында Әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде мәдениет пен өнер саласы өкілдерімен ақпараттық кездесу өткізілді, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Онда партиялық тізімге сәйкес облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар мен олардың сенім білдірген өкілдері қатысты. Мағыналы басқосуды Мұхит Нысанбаев ашып беріп, кездесудің мақсатын түсіндірді.

Аталмыш жиында мәдениет саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар кеңінен сөз болды. Ұлы даланың биік рухы саналатын — өрелі мәдениетіміз бен өнерімізге жыл сайын шынайы қамқорлық пен қолдау көрсетіліп келе жатқаны жасырын емес. Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында  кейінгі үш жылда ауқымды жұмыстар атқарылған.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарлама аясында аудандық  әл – Фараби атындағы мәдениет үйінің сыртына ағымды жөндеу жұмыстарына 14 664,0 теңге бөлініп, ауқымды жұмыстар жүргізіліп, демеушілердің көмегімен 10 млн. теңгеге нысанның сол қанатындағы аумақтан аллея бой көтерді, автотұрақ орнатылды.

Ауыл кітапханаларының жұмысын жаңғырту және шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылды. Аталған орталықтарда көрсетілетін қызметтерді басқару және іске асыру бір орталық жүйеге қосылған жеке сайт ашылып, онда аудан бойынша, ауылдық округтер мен мекемелерде көрсетілетін қызметтер және түрлі мәліметтер базасы жинақталып, сайтқа толығымен енгізілген.

2020 жылы жергілікті бюджеттен ауылдық кітапханаларды  компьютерлермен қамту үшін 1 445,0 мың теңге, жиһаздарға 5906,0 мың теңге қаржы бөлініп, қажетті құрал-жабдықтар алынды. Аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық клубтардың өнерпаздарына  сахналық киімдерге 2 млн. теңге бөлінді.

Бұдан бөлек, ауылдық клубтардың электр жүйелерін жаңғырту да назардан тыс қалмай, Абай, Қызыл жұлдыз, Түймекент ауылдық клубтарына ағымды  жөндеу жұмыстары жүргізіліп отыр.  Мәдениет ошақтарын абаттандыруға да үлкен мән берілуде.

Мәдениет нысандары соғу бойынша соңғы рет 1987 жылы ауданымызға қарасты  Көкбастау ауылында мәдениет үйі пайдалануға берілген болатын. Содан бері өңірімізге қарасты 43 елдімекеннің бірде-бірінде мәдениет ошағы салынбаған екен. 33 жылдан соң «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында  үш ауылда: яғни, Бурыл ауылына 180 орындық мәдениет үйі (жоба құны 157901,0 мың теңге), Жетібай ауылына 90 орындық мәдениет үйі (жобалық құны 101609,0 мың теңге), Көкбастау ауылына 90 орындық мәдениет (жоба құны 96211,0 мың теңге)  үйінің құрылыстарына республикалық бюджеттен 355 млн. 721 мың теңге бөлініп, бүгінгі таңда аталмыш мәдениет ошақтары ел игілігіне ұсынылып отыр. Бұдан бөлек, 2022 жылы Кеңес ауылынан 90 орындық, 2023 жылы Тегістік ауылынан 90 орындық ауылдық клубтарды салу жоспарланып, Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді  мәдениет нысандарымен қамту картасына енгізілді.

«Nur Otan» партиясының Байзақ аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.