Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласындағы №115 сайлау учаскесіне барды. Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау рәсіміне қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
«Бұл сайлау Қазақстан тәуелсіздігінің отыз жылдығымен тұспа-тұс келді. Бүгін бәріміз сайлауға жарқын болашақ, қазақстандықтардың өркендеуі мен тұрмыс сапасын жақсарту үшін қатысып отырмыз», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев жаңа құрамдағы Мәжіліс пен мәслихаттардың алдында күрделі әрі жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті.
Елбасы қазақстандықтарды сайлауға белсенді қатысуға және дауыс беруге шақырды