Қарабастау ауылында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік

0 21

Билікөл ауылдық округіне қарасты Қарабастау ауылында атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік, — деп жазады «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Қарабастау ауылында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Слямханов көшесінің балалар алаңшасына қоршау жұмыстарын жүргізілген. Мердігер компания «Сейдалиев» ЖК. Аудандық бюджет қаражаты есебінен «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, «Алатау-Бәйтерек» балаларды жалпы білім беру ұйымдарынан және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауда.

Қарабастау ауылының Слямханов көшесі мен №3 Қ.Қошмамбетов атындағы орта мектебінің айналасына 3 921,0 мың теңгеге мердігер «ПремиумСтройКЗ2050» ЖШС көше жарығын жүргізген. Қарабастау ауылының орталығында орналасқан сахнаға 1 450,0 мың теңге мердігер «Мадеш» ЖК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізді және ауылдағы суару жүйесіне «БақЭнерджиСервис» ЖШС 8 550,0 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары, яғни 600 метр лоток және 10 шлюз қойды.

Ветеринариялық пункттің кеңсе ғимаратына 1 950,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер «Галеев» ЖК 2 484,0 мың теңгеге Қарабастау ауылына екі дана бейнебақылау камерасын орнатып берген. Ауылдың су тоспасына 7 382,734 мың теңге қаражатқа тазалау жұмыстары жүргізілген.

Билікөл ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсе ғимаратына  1 160,0 мың теңгеге турникет орнатылды. Қарабастау ауылы Қарабастау су тоспасына 774,1 мың теңге қаражатқа абаттандыру жұмыстары жүргізілді және ауылдың кіреберісіне 1473,3 мың теңгеге стелла орнатылды.

Қарабастау ауылының Бәйдібек және Жамбыл көшелерін 1 217,9 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, Қарабастау ауылының дренаж каналдарын 2 500,0 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.