Тұрар Рысқұлов ауданында өндіріс өркендеп келеді

0 43

Тұрар Рысқұлов ауданында өнеркәсіп өндірісі өркендеп келеді. Өткен жылы аталған салада 16,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 101,1 пайызды құрады. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 6,7 млрд. теңгеге артқан. Бұл туралы аудан әкімінің халық алдындағы есепті жиынында айтылды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ауданда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 16,9 млрд. теңгеге (2019 жылы 16,4 млрд. теңге) орындалып, нақты көлем индексі 100,5 пайызды құрады. Көрсеткіштер ауданағы ірі кәсіпорындардың негізінде қалыптасқан. Мәселен, «GOLDEN COMPASS CAPITAL» алтын кәсіпорны 9,1 млрд.теңгеге 539 кг өнім өндірген. Ал, «Луговой Жылқы Зауыты» ЖШС «Мал азығына ұсақталған құрама жем дайындау» зауыты 756,5 млн.теңгеге 5691 тонна қоспа жем шығарған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.