«Ұлы даланың ұлтаралық тілі»

0 5

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан «Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты ашық алаң эстафетасы Сарысу ауданында жалғасын тапты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы-Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында ғана өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасын биылғы жылы қайта өткізу жоспарланды.

Бұл жоба өз жемісін беріп, барлығы — 1144 іс-шара ұйымдастырылды. Жобаға 30 мыңға жуық адам тартылды. 1919 азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 709 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 236 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жемісті өткізілген жоба биылғы жылы 7 ауданда 1 наурыздан басталды.
Жобаның жұмыс тобы құрамына облыс аумағындағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен қатар басқармалардың мамандары енгізілді.

Жобаның негізгі мақсаты облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін көтеру, азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, әлеуметтік мәселелерін шешу, үйме-үй жүру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халыққа несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, заң аясында көмектесу, бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізетін болады.

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін, көп ұлтты Қазақстан
халқының жарастығы мен ынтымағын нығайту жолында өткізіліп жатқан шараның негізі мақсаты да осы өскелең ұрпаққа тілін, дінін, айнымас достығын және бірін-бірі құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ қазақстандағы ұлтаралық келісімді нығайту.

Шарада жеті дүркін облыс чемпионы, бес дүркін Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, екі дүркін Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, Сарысу ауданының дзюдо жаттықтырушысы Елена Галеева және «Евро Хим» — Қаратау жекешаруа серіктестігінің кадр бөлімінің жетекші маманы Наталья Қашқынбекова сөз сөйледі. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.