«Nur Otan»: Партия қызметкерлері 100 түп жеміс ағашын отырғызды

0 15

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұжымы Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз сервис және технология колледжі мен «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің ауласына 100 түп жеміс ағашын отырғызды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Ұлыстың Ұлы күнінде партия облыстық филиалының ұйытқы болуымен жеміс ағаштарының дәл осы нысандарға егілуі тегін емес. Бүгінде Тараз қаласындағы «Үміт» бөбектер үйінде бүгінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 бүлдіршін тәрбиеленуде. Тараз сервис және технология колледжі студенттерінің басым бөлігі әлеуметтік осал топқа жатқан отбасылардан шыққандар құрайды.

– Ұлыстың Ұлы күні тіршілік атаулының оянар сәті. Ата-бабаларымыз Самарқанның көк тасы жібитін күн деп санайтын осы мерекеде бұлақтың көзін ашып, тазалау, көгалдандыру жұмыстарын жүргізген. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының ұжымы Наурыз мерекесі қарсаңында осынау игі іске мұрындық болып, Тараз сервис және технология колледжі мен «Үміт» мамандандырылған бөбектер үйінің ауласына 6 түрлі жеміс ағашының 100 көшетін отырғызды. Бұл нысандар негізінен өмірлік қиын жағдайға ұшыраған, әлеуметтік осал топқа жататын балалар тәрбие алып жатқандықтан оларға осылайша мерекелік көңіл-күй сыйлауды жөн санадық. Қазақтың «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзі бекер айтылмаған. Әсіресе жеміс ағашын егу сауапты іске жатады. Алдағы уақытта осы ағаштар жеміс салғанда оны осындағы бүлдіршіндер, жеткіншектер тұтынады, – дейді «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дауыл Бейсенқұлов.

Сондай-ақ партия ұжымы «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған көгалдандыру, көгеріштендіру жұмыстарына бір кісідей атсалысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.