Талас ауданында мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатысқан кәсіпкер әйелдер саны 21-ге артқан

0 19

Ауданда түрлі бағдарламалар мен жобаларға қатысқан әйел кәсіпкерлердің саны 21-ге, жас кәсіпкерлердің саны 26-ға жетіп отыр, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы бойынша шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлерге түрлі бағдарламалар мен жобалар аясында кәсібін дөңгелету үшін несиелер берілуде. Атап айтсақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 79 жоба өз шешімін тапқан. Бұл жобаларды жұзеге асыру үшін 348 миллион теңгеге бөлінген. Жоба иелері бүгінгі таңда 159 мүйізді ірі қара, 2 717 бас қой-ешкі, 196 бас жылқы сатып алыпты.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Әнуарбек Тауасаровтың айтуынша, бұдан бөлек, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның еншілес ұйымы «Әулие-ата НС» ЖШС арқылы «Іскер» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер тарапынан 9 жобаға өтінім берілген. Жалпы құны 41 миллион теңгені құрайтын жобалардың бүгінде 6-ы қолдау тауып, 27 миллион теңге бөлінген.

Сондай-ақ 14 миллион теңгелік 3 жобаның құжаттары құзырлы органнан тіркеуден өткен. Оң шешім алған несие қаражатының есебінен барлығы 90 мүйізді ірі қара, 709 қой-ешкі және 15 жылқы сатып алыныпты. Аталған жобалардың арқасында әйел кәсіпкерлердің саны 21-ге, жас кәсіпкерлердің саны 26-ға жеткен.

Тағы бір айта кетерлігі, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы кәсіпкерлер 517 миллион теңгеге жылқы, қой-ешкі және ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.