Түркия дін істері басқармасы Қаратаудағы 50 отбасыға көмек көрсетті

0 18

«Расында, мүміндер — бір-біріне бауыр» деген аятпен аталатын шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Түркия дін істері басқармасы «Türkiye diyanet vaka» қорының мұрындық болуымен жүзеге асты, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Аталмыш қайырымдылық акциясында Қаратау қаласындағы аз қамтылған және көп балалы 50 отбасына көмек көрсетілді. 

Мұқтаж жандарға қол ұшын созып қайырымдылық көрсету қанына сіңген қазақ халқының бір-біріне және барлық адамзатқа деген ыстық ықыласы мен ілтипаты ешқашан жоғалған емес. 

Соның айғағы ретінде игі істен қалыс қалмаған такси жүргізушілері қайырымдылық қораптарын тегін жеткізіп берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.