Жазаларды орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыға түсті

0 5

Бүгін Жамбыл облыстық сотында «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет подполковнигі Қанат Жарылғапов, департаменттің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы тобының бас маманы әділет подполковнигі Ғалымхан Тлепов және арнайы есеп бөлімінің бас маманы әділет майоры Назерке Бекталиева, пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің бастығы әділет майоры әділет Ерманов сондай-ақ департаментке қарасты түзеу мекемелері басшыларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Жиын барысында жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаны орындайтын мекемелермен органдардың материалдарды сотқа дайындау және жолдау кезінде заңда көзделген талаптарды сақтауы, қылмыстық-атқару заңнамасын қолдану жөніндегі өзекті мәселелер, сотталғандарды шартты мерзімінен бұрын босатуға ұсыныс беру тәртібімен негіздемелері, жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жұмсақ түрiмен ауыстыру, бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыруға ауыстыру мәселелері талқыға түсті

Өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Қанат Шамарданұлы өз сөзінде өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің тақырыбы өзекті әрі көкейкесті екенін атап өтті.

— Жазаны өтеуден шартты мерзімінен бұрын босату — жазасын өтеп жүрген адамдардың түзелуіне бағытталған тиімді ынталандыру шарасы болып табылады. Сол себепті, шартты түрде мерзімінен бұрын босату немесе жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде құзырлы органдар жеке көзқараспен қарауды қамтамасыз етіп, өтінішхатта және өзге де материалдарда келтірілген мәліметтердің жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін жеткіліктілігін әрбір талқылау кезінде анықтауға, яғни сотталған адамның тәртібіндегі оң өзгерістерді бағалауға тиіс, — деді Қ.Жарылғапов.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.