Мойынқұмда мобильді топ зерделеу жұмыстарын жүргізді

0 1

Жамбыл облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын қатаңдату мақсатында, Жамбыл облысының сары аймаққа өтуіне және «Үнді дельтасы» штаммы айналымының анықталуына байланысты Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №7 қауылысын басшылыққа ала отырып Мойынқұм аудандық мобильдік топ мүшелері аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аталған қаулымен таныстырып, санитарлық талаптарға зерделеу жүргізді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Мобилдік топ құрамын аудан әкімі Мәден Мұсаев бастап, барлығы 12 нысанға зерделеу жүргізді. Тексеру барысында №3 мобилдік топ жетекшісі аудан әкімінің орынбасары Е.Әмірханов және бөлім және мекеме басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері болды.

Қаулының тармақтары жан-жақты таныстырылып, екпе салу, «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметкерлері қызыл аймақ негізінде қабылдау керектігі және санитарлық-дезинфекциялық талаптардың сақталуына баса назар аударып, талаптардың орындалуын қадағалады.

Тексеру барысында талаптарды сақтамаған 3 нысанға хаттама толтырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.