Жамбыл ауданындағы аядай ауылға газ құбыры тартылды

0 5

Жамбыл ауданына қарасты Жұма стансасына газ келіп, ауылішілік көшелерге құбырлар тартылды. Жұмыс сапарымен арнайы барған аудан әкімі Сәкен Қаланұлы газ тарту жұмыстарын барлап қайтты, — деп жазады “Zhambylnews” AA.

Айта кетейік, аудан әкімінің қабылдауларында және 2020 жылдың қорытындысы бойынша есептік кездесуінде болған Жұма стансасының тұрғындары «көгілдір отын» мәселесін біржола шешіп беруін өтінген еді.

Өйткені, халық арасында 50-ге жуық түтіні бар аядай ауылда мұндай игіліктер жасалуы әсте оңай шаруа емес деген сөз желдей есіп жүрген болатын.

Ауыл азаматтарының бұл пікірін тыңдаған аудан әкімі Сәкен Арубаев Жұма стансасын назардан тыс қалдырмайтынын, елді мекенге газ құбыры тартылуына барынша ықпал ететінін айтып, көптің көңіліндегі түйінді тарқатқан.

Нәтижесінде, облыстық бюджеттен 68 млн теңге бөлініп, құбыр тарту жұмыстары қолға алынған.


Ауылдық округтің әкімі А.Мәнтеевтың айтуынша, қазірдің өзінде үй ішіне 42 азамат газ құбырын тартып үлгерген.

Ал «көгілдір отынның» іске қосылып, оны пайдалану алдағы уақытта айқын болады.

Себебі өткен жылы және биыл аудан аумағында 10 ауылға газ тартылса, кейбір елді мекенде бұл процес әліде жүргізіліп жатыр.

Осы ауылдарда жұмыстар толығымын тиянағын тапқан кезде, үлкен магистралл газ құбыры арқылы барлық елді мекенге табиғи отын пайдалануға беріледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.