Жуалы ауданында үй жануарлары бурцуллез және басқа ауруларға қарсы вакцинацияланады

0 9

Жуалы ауданында үй жануарлары бурцуллез және басқа ауруларға қарсы вакцинацияланады. Жыл басынан бері аудан ветеринарлары 45 мың бас мүйізді ірі қарадан, 170 мың қой-ешкіден бурцуллезге қарсы екі қайтара қан сынамаларын алған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде аудандық ветеринариялық зертхана өңірдегі 85 жылдық тарихы бар мекеме. Кеңес Одағы дәуірлеп тұрған шақта мұнда мал ауруларының барлық түрлерінің күрделі диагностикаларымен қатар, аудан шаруашылықтарының жем-шөп базасының азықтық бірлігінің химиялық-биологиялық құрамына, тіптен мал жайылымдарының жарамдылығы мен құнарлығына егжей-тегжейлі зертханалық сараптамалар жасалған екен. Енді, бүгінгі таңда ветеринариялық зертхана азық-түлік қауіпсіздігін сақтау құрылымындағы маңызды буын ретінде қызметін жедел жолға қойып келеді.

Мекеме сонымен қатар ақылы негізде мал өнімін өткерушілердің ет және сүт өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сынамадан өткізіп, биологиялық қауіпсіздігі туралы анықтама берумен де шұғылданады. Онда 14 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда серологиялық және бактериологиялық зертхана бар. Одан бөлек мекеме жанындағы виварийде тәжірибеге алынатын жануарлар бағылады. Мұнда қазір 16 бас теңіз шошқасы, 70 бас ақ тышқан, 12 бас қоян және екі бас донор қошқар ұсталуда. Оларды күтіп бағатын маман күнделікті азықтанатын азық рационын тиісті мөлшермен, ұқыппен береді.

Мекеменің жоспарлы жұмысының басым бөлігін үй жануарларынан алынған қан сарысуы сынамаларынан бруцеллез және басқа да жиі ұшырасатын ауруларды анықтау. Жыл басынан бері ветеринарлар 45 мың бас мүйізді ірі қарадан, 170 мың қой-ешкіден сарыпқа қарсы екі қайтара қан сынамаларын алған. Ал мұндай қан сынамалары 100 бас жылқыдан, 600 бас иттен жылына бір мәрте алынады.
Мекемеде жұмыс істеу үшін барлық қолайлы жағдайлар қарастырылған.

Жануарлардың ауруларын диагностикалау кезінде сараптама актілері микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, вирусологиялық, микрологиялық, серологиялық, биохимиялық, химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулер нәтижелерінің негізінде жасалады. Жануарлар бруцеллезіне келсек, мұнда жүргізілген зерттеулер саны бойынша да, әдістер бойынша да бұл ауруды диагностикалау тәсілі өзгертілуде. Таяу арада жануарларға вакцинация жүргізу мүмкіндігі көзделуде. Сонымен қатар, тағам қауіпсіздігіне байланысты, өсімдік-жануар текті өнімдерге ветеринариялық-санитариялық зерттеулер жасалады, — дейді Жуалы аудандық ветеринариялық зертхана жетекшісі Дәурен Алагөзов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.