Жамбыл — «Аграрлы Қазақстан» жобасының үздік үштігінде

0 2
«Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен республикалық деңгейде өткен «Аграрлы Қазақстан» жобасы аясында еліміздің барлық облыстарының аграрлық әлеуеті мен өңірлік ерекшеліктері кеңінен таныстырылды.

Аталған жобаның түсірілімдерінде Жамбыл облысында партия мен Jambyl телеарнасы бірлесе жұмыс жүргізіп, өңірдің 10 ауданындағы ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен өзіндік ерекшеліктерін кеңінен көрсетті.

Нәтижесінде, материалдар жоғары деңгейде дайындалып, мазмұнды сюжеттер ұсынған Жамбыл облысы республика бойынша III орын иеленді. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыру барысындағы кәсіби шеберлігі мен еңбегі үшін Jambyl телеарнасының журналисі Жомарт Есқара үздік журналист атанып, арнайы жүлде қорымен және партияның 25 жылдық медалімен марапатталды.

Бұл жетістік – облыстың аграрлық саладағы әлеуетін танытып қана қоймай, өңір журналистикасының кәсіби деңгейін де айқындаған маңызды нәтиже болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.