Шу ауданындағы Жайсан ауылына көгілдір отын берілді

0 2

Шу ауданындағы Алға ауылдық округіне қарасты Жайсан ауылына көгілдір отын келді. Бұған дейін көмір мен отын пайдаланып келген ауыл тұрғындарына бүгін көгілдір отын берілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазірдің өзінде халықтың біршамасы өз жұмыстарын бастап кеткен. Қуанышты күні орталыққа жиналған тұрғындарды аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетов құттықтай барып, халықтың тынымсыз еңбектің мехнатынан арылатын күнге жеткенін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары Ербол Аймамбетовтың құттықтау сөзінен кейін ауыл ақсақалдарының төрағасы Мұхамедкәрім Көпбаевтың қатысуымен ШРП-дан газ жіберілді. Бұдан кейін аудан басшылары сол ауылдың тұрғыны  Әбжан Абылкасымұлының шаңырағындағы қуанышты сәтке куә болды.

-Бүгін біз үшін ерекше қуанышты күн! Неше жылдан бер күткен көгілдір отынға қосылып, көмір жағып, күл шығарудан арылатын болдық. Қала берді 100 аса түтін тұратын ауылымыздың ауасы да түтіннен тазарып, экологиямызға біршама тиімді болады деп есептеймін.Осынау игілікті іске атсалысқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін,деді Әбжан Онгаров.

Көгілдір отынды үйге орнатып беру құны 153 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстарды «КазТрансГазАймақ» аудандық филиалы жүргізеді. Айта кетерлігі Жайсан ауылында 500 адам, 110 түтін бар. Ауыл халқының басым бөлігі көгілдір отынға қосыламыз деген ниет білдіріп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.