Тараздағы халықаралық конференциясының қорытындысы бойынша қарар қабылданды

0
5

Таразда 200-ден аса этносаралық қатынастар саласындағы Ресей, Украина, Израиль, Болгария, Өзбекстан мемлекеттерінен келген және отандық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өз мәресіне жетті. Жиынға, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пленарлық отырыстан кейін конференция «Көпэтносты елді мекендердегі әлеуметтік проблемаларды шешудегі жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық институттардың рөлі», «Шиеленістер мен наразылық көңіл-күйлерді алдын алу және оларды ескерту», «Мультимәдени ортадағы қақтығыстардың алдын алу ісіне ғылыми-сараптамалық әлеуетті пайдалану», «Қоғамдық келісімді нығайтудағы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен БАҚ-тың рөлі» секілді жекелеген секциялар шеңберінде жалғасты. Екі күн ішінде конференцияда 40-қа жуық отандық және шетелдік спикерлер баяндама жасады.

Талқылау қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар этносаралық келісімді нығайту бойынша жергілікті атқарушы органдарға арналған ұсынымдар көрсетілген қарар қабылдады. Атап айтқанда, конференцияға қатысушылар «Бейбітшілік пен келісім» жобасын жүзеге асыру бойынша Жамбыл облысының тәжірибесін тарату керектігін ұсынды.

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтылық пен келісім – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс құндылық екенін атап өткен болатын. Елбасы жүйелі бағытының негізінде біздің елімізде этностардың мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін дамыту үшін барлық жағдай жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Бейбітшілік пен келісім» пилоттық жобасы қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосуда. Этномәдени бірлестіктермен бірлесе отырып, біз қоғамда өзара сыйластық, төзімділік, ұлтаралық және дінаралық келісім идеяларын нығайтуға күш салудамыз. Нәтижесінде, жоба шетелдік сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Конференция барысында көтерілген барлық ұсыныстарыңыз міндетті түрде ескерілетін болады. Конференция қорытындысы бойынша баяндамалар жинағы шығарылады. Конференцияның түрлі ұлттардың өкілдері шоғырланған біздің өңірде өтуінің өзіндік мәні  зор.  Тараз – тарихы терең, өркениетке ошағына айналған қала. Қазақ жерінде Ұлы Жібек жолы заманынан бергі барлық карталарда көрініс тапқан екі қала бар, олар – Тараз және Жаркент. Егер елімізде ЮНЕСКО тізіміне енген 11 нысан болса, олардың бесеуі Жамбыл облысында орналасқан, — деп атап өтті Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев.

Тараз қаласындағы халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік сарапшылар аталған ісшараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, Қазақстанның этносаралық қақтығыстардың алдын алу, реттеу және шешу мәселелеріндегі тәжірибесі ел аумағында ғана емес, одан тыс мемлекеттерде де бірегей және сұранысқа ие екенін атап өтті.

Конференция жоғары деңгейде өтті, спикерлердің әр сөзі тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Мемлекет қайраткерлерінің белсене қатысқаны қуантады. Бұл елдегі ұлтаралық қатынастар саласына ерекше көңіл бөлінетінін айғағы.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ұлтаралық және конфессияаралық қатынастар саласын реттейтін кешенді нормалар бар. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірегей қоғамдық институт және қоғамның бірігуінде орасан зор рөл атқарады. ҚХА өкілдері қайырымдылық шараларына белсенді атсалысуда. Осылайша, өзара қолдау, көмек көрсету мәдениеті қалыптасуда, — дейді әлеуметтану ғылымдарының докторы, украиналық профессор Виктор Щербина.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here