Жамбыл облысында жеке кәсіпкер мал сою цехын ашты

0 7

Жеке кәсіпкердің цехында тәулігіне 70-ке жуық мүйізді ірі қара, 200 қой-ешкі союға мүмкіндік бар. Қасапханада сойылған мал етінің басым бөлігі Алматы қаласының нарығына шығарылуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жеке кəсіпкер Салман Аманов Қордай ауданындағы Қайнар ауылынан мал сою цехын салып, ет экспортын дамытуға өз үлесін қосуда. Кəсіпкер 90-шы жылдардағы тоқырау кезінде жерлестерін тұрақты жұмыспен қамту мақсатында өзінің жеке кəсібін ашқан еді. Сөйтіп бастапқыда мал бордақылаумен айналысты. Енді мал сою цехын ашып отыр. Мұнда тәулігіне 70-ке жуық мүйізді ірі қара, 200 қой-ешкі союға мүмкіндік бар. Қасапханада сойылған мал етінің басым бөлігі Алматы қаласының нарығына шығарылуда.

Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәлімет бойынша облыста жалпы 20 май сою пункіті мен мал сою алаңы бар. Оның бүгінде 10-ы ғана жұмыс істеп тұр.

Осы кәсіпке түрен салған Салманның арнайы экономикалық білімі мен кәсіпкерлік курсынан өткен тәжірибесі болмағанымен ол ата кəсіптің қыр-сырын әкесінен үйреніпті. Осының арқасында ол қолға алған әр ісін жүйелі түрде жүргізіп, адал атқара білді. Оның айтуынша, жаңа ісін бастарда бірқатар қиындықтар да кездесіпті. Бірақ алған бағытынан айнымаған ол ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлігінің арқасында мал шаруашылығын жолға қойған. Сөйтіп, көршілері мен ағайындарын жұмысқа тартқан. Бүгінде олардан жаңа цехқа жұмысшы алып, мал сою цехында өңделген мал өнімін Алматы қаласына өткеруде. Осылайша, біртіндеп тапсырыс берушілері көбейіп, тұрақты клиенттері пайда болыпты.

Кәсіпкердің бүгінгі таңда мал фермасында 300 бас мүйізді ірі қара бордақылануда. Бірнеше отар қойы, үйрегі мен тауығы мал қыстауында.
Жаңа цех қарапайым болғанына қарамастан мұнда барлық құрал жабдық орын-орнымен орналастырылған. Цехта сойылған малдың еті бөлшектеліп, өлшеніп, тоңазытқышқа салынады. Оған қоса мұнда зертхана да жұмыс істейді. Салман цех жұмысын бұдан да ары қарай жандандыра түсу үшін мал соятын шетелдік бірқатар құрал-жабдыққа тапсырыс беріп те қойыпты.

Біз мұның бәрін өзіміз сияқты кәсіпкерлермен араласа-құраласа жүріп үйрендік. Жалпы әр адам өзі ұнатқан кәсіппен айналысса міндетті түрде табысқа жетеді. Адамның мақсатына жетуі үшін ниеті болуы керек, — дейді ол.

Өз ісін асқан сүйіспеншілікпен атқарған адам үшін істейтін іс те әрқашан табылып тұрады. Жалпы кәсіпкер шаруашылығында жұмыс істейтін 30 отбасыға қарайласуды өз міндеті санайды. Қызметкерлері үшін жұмысқа қолайлы барлық жағдай жасалып, тиісті жалақы, белсенді отбасылық демалыс қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.