Таразда Жазылбек Қуанышбаевтың атына көше беріліп, ауылшаруашылығы сквері ашылды

0 13

Таразда Жазылбек Қуанышбаевтың атына көше беріліп, ауылшаруашылығы сквері ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Республикалық мал өсірушілер слеті-2021» шарасы басталды. Оған жамбылдық еңбеккерлерімен қатар өзге облыстардың да шаруашылық иелері қатысуда.

Аталған шара Тараз қаласында бастау алды. Алдымен Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай және «Таразға тарту» жобасы аясында салынған ауыл шаруашылығы скверінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қатысты.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария саласы қызметкерлерінің қолдауымен салынған сквердің жалпы ұзындығы — 350, ені — 20 метрді құрайды. Демалыс алаңына брусчаткалар төселіп, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ скверді абаттандыру үшін талапқа сай орындықтар, жарық бағаналары, қоқыс жәшіктері мен төрт-түлік малдың мүсіндері орналастырылған. Одан бөлек, скверде атақты шопан, 2 мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың барельеф бейнесі қойылған.

Іс-шара барысында атақты шопанға арналған баральефке гүл шоқтары қойылып, сквер орналасқан көшеге Жазылбек Қуанышбаевтың есімі ресми түрде берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.