Талас ауданында «Қыс -2021» оқу-жаттығулары өткізілді

0 1

Талас ауданы Қаратау қаласында «Қыс — 2021» республикалық командалық — штабтық оқу— жаттығулары өткізілді  , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Оқу-жаттығу жиынына Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек пен орынбасары Серимов Қайрат арнайы қатысты.

Оқу жаттығулар қысқы уақытта ықтимал болатын төтенше жағдайларды жою бойынша азаматтық қорғаныс құрылымдары мен қызметтерінің даярлығын тексеру және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.

Жаттығу барысында жасақ жетекшілерінің өзіне жүктелген функционалдық міндеттері тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, «Қыс-2021» оқу—жаттығу аясында төтенше жағдайды жою бойынша іс-әрекеттерді пысықтауға арнайы-тактикалық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құрамалармен практикалық әрекеттер өткізілді.

Оқу жаттығуға барлығы 18 техника, 55 адам жұмылдырылды. «Қыс-2021» командалық — штабтық оқу — жаттығу тиісті деңгейде ұйымдастырылып, жоспарға сай өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.