Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына 30 доза «Pfizer» вакцинасы жеткізілген болатын. Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының эпидемиологы Айдана Кенжебекқызының айтуынша, жеткізілген 30 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 26-сі балаларға, 1-уі бала күтіміндегі, 3-уі жүкті әйелдерге салынған , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.
Балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат талап етіледі. Егер балаға салдырғысы келмесе, ешкімді мәжбүрлемейді.
Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданына қарасты 15 ауылдық округтің бәрінде 12 жастан асқан балалар арасында коронавирусқа қарсы вакцина салу шараларының ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана жүргізілетінділігі туралы медицина қызметкерлерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен және көпбалалы аналармен кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған жиында мамандар еліміздегі коронавирус індетінің статистикасы туралы, екпе алғандар мен екпе алмағандар арасындағы ауыру көрсеткіштері туралы, адам ағзасына вакцинаның пайдасы туралы айта келіп, ауыл тұрғындары мен көп балалы аналарды балаларының болашағы үшін екпе салдыруға шақырды.
Мөлдір Тастанбек
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы