Талас ауданы Ойық ауылының Д.Қонаев атындағы орта мектебінің оқушылары Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ұсынған па «Pfizer» вакцинасын салдырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2005-2008 жыл аралығындағы 12 оқушы вакцинаның 1— компонентін қабылдады. Екпе алған жасөспірімдердің ішіндегі ең жасы 13 жасар Сүгірбай Жасұлан.
Ата-аналардың келісімімен салынған мектеп оқушылары екпе салдырмастан бұрын толық тексерістен өтті. Одан әрі екпе салдыруға қарсы емеспін деген анкета толтырылды. Екпе егілген оқушылар жарты сағат бойы дәрігердің бақылауында болды. Одан кейін, медбикелердің тарапынан екпеден кейінгі күтіну шаралары түсіндірілді.
Зарубай Мирас, Д.Қонаев атындағы орта мектебінің 11 сынып оқушысы: «Иә, негізі ата-анамнан сұрадым рұқсаттарын толықтай берді, өзім де негізі қарсы емеспін екпеге. Өзімнің ойынша екпе алған дұрыс. Себебі, алда әлі не болатынын білмейміз, біреулер ауырып қалуы мүмкін. Сол себепті, алдын ала салдырып алған дұрыс.