ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Басқосуда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қасиетін қалыптастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бақытжан Ниязов өз сөзінде қатысушыларға Агенттіктің қазіргі таңдағы басты мақсаты мен міндеттері туралы сөз қозғап, қызметкерлерді өз еңбектеріне адал әрі парасатты болуға және сыбайлас жемқорлықты жоюдағы атқарылып жатқан жұмыстарға бірге атсалысуға шақырды.
Сондай-ақ, Бақытжан Мақсұтұлы мерекелер қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында сыйлық беру мен қабылдаудың жауапкершілігі жайында да сөз қозғады.
Кездесуде төрағалық еткен кірістер департаментінің басшысы Қайрат Қармандаев мемлекеттік кіріс органдарында сыбайлас жемқорлықты төмендету бойынша жүргізілген жұмыстар жайлы баяндап, алдын алу шараларын уақтылы қабылдауға баса назар аударды.
Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органымен бірлесіп кәсіпкерлер және сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының пара беру фактілерін анықтау жұмыстары туралы баяндалды.