Жамбыл ауданында 1000 түп ағаш отырғызылды

0 3

Жамбыл ауданында 1000 түп ағаш отырғызылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын берік ұстанған Жамбыл ауылдық округінің әкімі Бақыт Садырбаев пен «Казфосфат» ЖШС-нiң өкілдері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай округке қарасты ауыл тұрғындарына 1000-ға жуық ағаш үлестіріп, олармен бірге тал егіп, игі іс жасады.

Тал егу жұмыстарына жергілікті тұрғындар белсенділік танытты. Көше көркін кіргізетін ағаштар Танты ауылындағы Танта көшесіне, Шайқорық ауылындағы Ынтымақ, Теректі көшелеріне отырғызылуда. Ауыл әкімі Бақыт Жұмаділұлы тұрғындардың ауласына егілген ағаштардың күтіп-баптауына салғырт қарамау керектігін өтініп, сенімділік білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.