Жамбылдағы қар көшкіні қаупі бар аймақтар жіті бақылауда

0 2

Жамбыл облысында былтырғы қазан аыйнан бастап қар көшкіні қаупі бар аудан әкімдіктеріне, кәсіпорын, мекеме, әскери бөлім басшыларына, шаруа қожалық иелеріне 134 ескертпе-ұсыныс берілді.Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысының ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Айтбаев айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Ол қараша айында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, іс-қимыл мен тиісті дағдыларды пысықтау мақсатында, Жуалы ауданындағы Көксай шатқалында 10 техника мен 37 маманның қатысуымен «Қар көшкіні-2021» тактикалық арнайы оқу-жаттығуы өткенін мәлімдеді.

«Қараша айынан бастап әр онкүндікте Көксай шатқалындағы көшкін қаупі бар аймаққа жербетілік зерттеу жүргізілуде. Нәтижесінде, қар жамылғысы биіктігі анықталып, талдау жасалып жатыр. «Қазгидромет» РМК дауылды ескертуі «Ақсу-Жабағылы МТҚ» РММ-не, ҰҚК Жамбыл ауданы Шекара басқармасына, 91678 әскери бөліміне, «ҚазСуШар» республикалық кәсіпорны «Ақсай» өндірістік бөлімшесіне мерзімінде жіберіліп, бақылау мен құлақтандырудың күшейтілген режимінде жұмыс атқарылды. Тараз қаласындағы орталық диспетчерлік пунктінде, Меркі өндірістік пайдалану бөлімі диспетчерлік пунктінде инженерлік техникалық жұмысшылар құрамынан тәуліктік кезекшіліктер бекітілген», — деді Талғат Шәкенұлы.

Спикер Көксай, Ақсай және Қаралма шатқалдарындағы қар көшкіні қауіптілігін анықтау, Қырғыз жотасының таулы аймағындағы қар қорын фондық бағалау мақсатында, «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағымен аэрошолу зертеу жұмыстары жасалғанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.